Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Аймағамбетов: Бізге арзан пиар қажет емес

Асхат Аймағамбетов: Бізге арзан пиар қажет емес

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматыдағы қайғылы оқиғадан кейін мұғалімдер үшін біліктілік тесті алынып тастай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, министрлікке біліктілік тестін алып тастау туралы өте көп ұсыныс түседі.
«2018 жылдан бастап аттестация рәсімі енгізілді. Осы тестілеуді алып тастаймын десек, барлығы бөркін аспанға лақтырып, қуанатыны түсінікті. Бірақ бізге мұндай арзан пиар қажет емес. Бізге ең керегі – білім беру сапасы. Ең бастысы, балалардың жақсы білім алғаны. Сондықтан біз біреуге ұнау үшін, біреудің тілін табу үшін мұндай шешім қабылдамаймыз. Біз елге қажетті шешімдерді қабылдаймыз. Бұл өте маңызды, мен қоғам назарын осыған аударамын», – деді Аймағамбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол Алматыда біліктілік тесті кезінде қаза болған мұғалімнің білімді әрі білікті маман болғанын атап өтті.
«Ол өз пәнін жақсы білгендіктен және өзіне сенімді болғаннан кейін, аттестация тапсыру қажеттілігі болмаса да, өз еркімен жазылып, қалай да болса тапсырамын деп шешім қабылдаған. Тестілеуге барар алдында, жақындарының айтуынша, мазасы болмаған. Сондықтан туыстары аздап тынығып, бүгін тестілеуге бармай-ақ қой деп өтінген. Бірақ неге мен бармаймын, мен бұл пәнді жақсы білемін деп тестілеуге барған», – деді министр.
Аймағамбетов әріптестері марқұмның үйіне барып, отбасына көңіл айтқанын мәлімдеді. Отбасына тиісті көмек көрсетіледі.

kyzylorda-news.kz
19 сәуір 2022 ж. 401 0