БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?
Бес жыл – бұл айтарлықтай ұзақ мерзім емес. Алайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осындай қысқа уақытта салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, өз қызметтерінің едәуір бөлігін онлайн-кеңістікке көшірді. БЖЗҚ-ның түрлі қызметтерін дамытудың негізгі бағыттары Қордың 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясында жазылған болатын. Соған орай біз қызметкерлеріміздің қажырлы еңбегініңалдын ала қорытындысын жүргіземіз.Корпоративтік стратегияда айқындалған зейнетақы қызметтерін дамыту мен сапасын арттырудың түйінді бағыттарының бірі – тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматын дамыту арқылы салымшыларды зейнетақы қызметтерімен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Бұл ретте Қор өткен жылдар барысында БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасы, e-gov порталы мен мобильді қосымшасы,әлеуметтік желілер,т.б. арқылы түскен өтініштерді орындауғаэлектрондық форматта көрсетілетін зейнетақы қызметтер ауқымын кеңейтті.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ қызметтерінің 93% астамын ыңғайлы әрі жедел электрондық форматта көрсетеді. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметін пайдалана алады. Мысалы, БЖЗҚ сайтында және мобильдік қосымшасында салымшылар кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алып, деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтамаға қол жеткізіп,1 немесе 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне орай, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беріп, төлем алу туралы өтініштің мәртебесін қадағалай алады және т.б.Айта кетерлік жәйт, онлайн қызметтердің шамамен 70% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген.
БЖЗҚ-ның электрондық қызметі мен қашықтан қызмет көрсету жүйесін дамыту мақсатында 2017-2021 жылдары ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейдегі банктер және т. б. мемлекеттік органдардың деректер базасы мен ақпараттық жүйелері біріктірілді. Осылайша, жасына байланысты төлем алуға өтінішті алдын ала тексеру; ЭЦҚ тексеру және жеке басын сәйкестендіру; ақпараттандыру, қызмет көрсету үшін бір реттік құпиясөзді жіберу;жасына байланысты төлем алуға тірелген өтініштерді қабылдау; белгіленген мүгедектік бойынша деректерді тексеру; азаматтардың жеке деректерін, куәландырушы құжаттар мәртебесін, өмірлік мәртебесін тексеру; зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттермен өзара іс-қимыл үрдісінсаралау және құру; туыстық байланыс бойынша деректерді тексеру; трансфер-агенттік қызмет көрсетуді іске асыру және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілді.
Деректер базасын біріктірудің арқасында БЖЗҚ қызметтерінің 20% астамы өтінішсіз қызмет көрсету форматында көрсетіледі. Мысал ретінде айтатын болсақ,оған міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашық ЖЗШ болмаса, ол алғашқы жарна келіп түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Қолданыстағы құжаттың деректемелері мен салымшының тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті, БЖЗҚ жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Айта кетейік, салымшылар мен алушыларға қатысты мәселелерінің бір бөлігі қашықтан қызмет көрсету арқылы шешіледі. Қор мамандары: Call-орталық, "Chat2Desk" (WhatsApp, Telegram, Viber мессенджерлері және Facebook пен ВКонтакте әлеуметтік желілері), БЖЗҚ веб-сайты мен ұялы қосымшасы (кері байланыс қызметтері, онлайн-кеңесші, Басқарма төрағасының блогы) және т.б. байланыс арналары арқылы түрлі тақырып бойынша мәселелерді жылдам, әрі оңай шеше алады.
Кеңселерде ұсынылатындәстүрлі қызмет көрсету түрлерін де ұмытпаған жөн. Карантиндік іс-шаралар мен оқшаулау кезінде жұртшылықтың көбінің біздің қызмет көрсету кеңселерінен ақпарат алғылары келгендері соншалық, шектеулер алына салысымен қарттар да, жастар да БЖЗҚ-ға ұмтылды. Айта кетейік, Қазақстан бойынша 176 қызмет көрсету кеңсесінен бөлек, Қор қызметтерін мобильді кеңселерден (бұл еліміздің шалғай ауылдары мен аудандарында тұратынсалымшыларға қызмет көрсететін арнайы жабдықталған көлік құралдары), «мобильді агент» көшпелі топтарынан, сондай-ақ,«Қазпошта» АҚ-ның 347 бөлімшесінен алуға болады.
Корпоративтік даму стратегиясының мақсат-міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде алдын ала жүргізілген дайындық іс-шараларының арқасында БЖЗҚ өз қызметін толыққанды көрсете білді. Бұл ретте Қор қызметкерлері мен салымшылары арасында COVID-19 коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қолайлы еңбек жағдайы мен қызмет көрсету шараларының сақталғанын атап өтеміз. Жалпы карантиндік шектеулерді енгізу кезінде Қор қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына жедел көшті. Қор қызметі бір күн де тоқтамай, барлық зейнетақы қызметтері салымшылар мен алушылар үшін толық көлемде қолжетімді болып қала берді.
Бұдан бөлек, 2021 жылдың басында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңы қабылданды. Оған сәйкес, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі менміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға кірмейтін емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқық берілді. Уақыт тығыздығы мен салымшылар арасында үлкен сұранысқа ие болғанына қарамастан, БЖЗҚ өзінің барлық қызметін үздіксіз, әрі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мемлекеттік органдар, уәкілетті оператор, кастодиан банктер, инвестициялық басқарушылар және салымшылармен өзара іс-әрекеттің техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық мәселелері жолға қойылды. БЖЗҚ сайты менмобильді қосымшасындағы жеке кабинетте жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат жинақтардың жалпы сомасын ғана емес, жеткіліктілік шегі, қолжетімді сома, сондай-ақ, жеке табыс салығын бір рет және кейінге қалдырып бөліп төлеуді ескерген біржолғы төлем сомасы туралы мәліметтерді де қамтыды. Барлығы ЖЗШ үзінді көшірмесінде көрсетілгендіктен салымшының өз бетінше есептеу жүргізбеуіне болады. БЗТ пайдаланған және пайдаланбаған жағдайдағы болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін түрлі сценарийлер бойынша есептейтін зейнетақы калькуляторы жаңартылды. Бұл салымшыларға зейнетақы жинақтарын дәл қазір пайдалану керек пе, әлде оны келешекте зейнетке шыққанда күнкөріс көзі етіп қалдырған жөн бе деген күрделі мәселені шешуге көмектеседі.
Барлық үдерістерді автоматтандырудың арқасында операторлар тарапынан да, БЖЗҚ тарапынан да өтініштер барынша қысқа мерзімде қарастырылды. Егер БЖЗҚ ережесіне сәйкес, өтініштерді орындауға 5 жұмыс күні берілсе де, іс жүзінде ол қысқа мерзімде ( 1-2 күн) жасалды. Уәкілетті операторлармен бірлесе реттелген үдерістердің арқасында рәсімдердің басым бөлігі (тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге барлық қажетті құжаттарды ұсыну) уәкілетті оператор тарапынан «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылды. Инвестициялық портфельді басқаратын компаниялармен де үлкен жұмыстар атқарылды. БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялар туралы қажетті ақпараттан бөлек, ИПБ жинақтарын аудару қызметі де ұсынылды. Санаулы минуттың ішінде Қор салымшылары өз жинақтарын төрт ИПБ-ның біріне аудара алады.
Қорытындылай келе, өткен бес жылда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді сапалы зейнетақы қызметін көрсетуді негізгі мақсат пен міндет ретінде ұстанғанын атап өткен жөн. Қор қызметкерлерінің басты міндеті – діттеген мақсатқа жету мен қызметтер сапасын жақсарту болды. Қазіргі уақытта БЖЗҚ 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Корпоративтік даму стратегиясын қабылдап, оның шеңберінде басталған жұмыстар мен қызметтерді автоматтандыруды әрі қарайжалғастырып, қызмет көрсетудің белсенді түрін дамытып, салымшылар және алымшылардың Қормен өзара іс-қимыл әрекетінде электрондық арналарды әрбір адамның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жетілдіре түсетін болады.