Несие тарихы түзелгендер қайта кредит алып, тағы да төлемейді – сарапшы

Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының мәліметінше, несие тарихы жаңарғандардың жартысына жуығы (47,7%) жаңа мәртебе берілгеннен кейін несиені қайта рәсімдеген. 2021 жылдан бері бір жыл ішінде 1,4 миллионнан астам адам несие тарихын түзеді. Оның 690 мыңға жуығы қайта жаңа несие алды. Биыл 1 наурызда дәл осы несиелердің 15,7%-ның мерзімі 15 және одан да көп күнге кешігіп, тағы да төленбей тұр.
Тағы 348,4 мың адам оңалтудан кейін алған несиесінің ешқайсысын төлемеген. Толық төленген несие көлемі 12% ғана болып отыр.
aikyn.kz