Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бенто-торт: бүгінгі тренд пе, әлде дәстүр ме?

Бенто-торт: бүгінгі тренд пе, әлде дәстүр ме?

Бүгінгі күні жақындарымызға үнемі тәтті тағамдар пісіріп немесе отбасылық мереке қарсаңында дастарқанның сәнін келтіру заманауи дәстүрге айналғандай. Иә, қандай мереке болмасын үстелдің сәнін торт келтіреді емес пе?! Сондай-ақ торт – кішкентей бүлдіршіндеріміздің де сүйікті тағамы.
Ең алғаш рет торт жасауда адамдар бидай жинап, ұнды өңдеуді үйренгеннен кейін барып пайда болған. Аспаздар қант өнімін қолдана бастағаннан бері түрлі торттар да кеңінен тарады. Қазіргі таңда көше бойындағы кез келген кондитерлік дүкенге кіре қалсақ, көздің жауын алатын торттардың түр-түрін көреміз. Сонымен бірге торт пісіріп, оны сатуды кәсіпке айналдырып отырған кәсіпкер қыз-келіншектер арасында жоғары бәсекелестік те бар. Мұндай бәсекелестік оларды жаңа идеялар мен тортқа ерекше дәм кіргізіп, түрлі безендіру әдістерін ойлап табуға ықпал етеді. Осындай жоғары идеялар нәтижесінде бүгінгі күні елімізге корейлік бенто-торттар қосылып отыр.
Бенто-торттың шығу тарихына көз жүгіртер болсақ, «бенто» сөзі Жапониядан келген. Яғни ол бір немесе екі адамға ғана жететін порция үлгісін білдіреді. Осы бір торт үлгісі көлеміне қарай мектепке десерт ретінде өзімен бірге алып жүретін немесе жұмыс орнында түскі ас ретінде тараған болатын. Бір реттік шағын ыдыс ішіне пергамент жайып, тортқа арналған шам және кішкентай шанышқы салынады. Сонымен бірге бенто-торттың салмағы 1 келіден аспайды.
Бенто-торт – жастар арасында жаңа трендке ие тағам түрі. Туған күн кешіне немесе кешірім сұрау мақсатында, сондай-ақ сезімін білдіру мен себепсіз қуантуға арнайы тапсырыспен жасатады. Торттың түсін өзіңізше таңдап, қалаған сөзіңізді жаздыра аласыз.
 Міне, бүгінгі қоғамымызда барлық сала жоғары деңгейде дамып келеді. Соның ішінде кондитер саласы да күн санап түрлі өнімдер өндіруде. Бұл біздің дамыған тұсымыздың бірі десек қате болмас.
А. НҰРЛАНОВА
26 сәуір 2022 ж. 1 152 0