Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа тосқауыл керек

Жемқорлыққа тосқауыл керек

Заман ырғағымен өсіп-өркендеп, бәсекелестік пайда болған жерлерге тамыр жайып, қай саланың болмасын жұмысына кері әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық күні бүгінде дейін күн тәртібінен түспей келеді. Бармақ басты, көз қызтылыққа жол беріп, қарақан басының қамы үшін құлқынын тойдырып әлекке түсетіндердің әрекеті әлі күнге тоқтамай келеді. Салдарынан елімізде көптеген саланың кетеуі кетіп, жүйелік жұмысы сын көтермеуде. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастай салатын сырқат емес.Айналасындағысалауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттерменқоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, қала берді қоғам мен елге керек кадрлардың көзін байлап, келешегін құрдымға жіберетін бұл жүйеге сіз боп, біз боп түбегейлі тоқтам қоятын кез жетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясындажемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халықпарақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада параберу мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Ол үшінаталған дертке қарсы бір болып атсалысып, жұдырықтай жұмылу маңызды.
А. ӘЛІМБЕТОВ,
Арал ауданы қазынашылық басқармасының басшысы
29 сәуір 2022 ж. 509 0