Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кене шаққанда не істеу керек?

Кене шаққанда не істеу керек?

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті Әділ Қатарбаев брифинг барысында адамды кене шаққан кезде қандай шара қолдану қажеттігін айтты.
Егер адам өз денесінен кененің шаққанын табатын болса, әрине кенені алу керек. Бірақ кенені алудың өз әдісі бар. Оны бірден жұлып алу дұрыс емес, өйткені адам денесіне енген бөлігі қалып қоюы мүмкін. Екіншіден кенені қысқан кезде ол жарылып, бойындағы арбавирустар адам денесіне өтіп кетуі мүмкін. Сол үшін кененің денеге енген жеріне қарай жақын ұстап, сағат тілі бойынша немесе оған кері біртіндеп бұрай отырып тарту қажет. 1,5-2 рет бұраған осң оны біртіндеп шығарып аласыз, - деді ол.

Сонымен қатар ол кенені май құйып шығару тәсілі қаіпті екенін атап өтті.

Егер кене дегене енді ғана кірген болса май құйғанда тұмшығып кері шығуы мүмкін. Егер терең енген болса ол шығып үлгермейді және тынысы болмағандықтан өледі де, адам денесінде қалып қояды, - деді Қатарбаев.

Сонымен қатар ол кенеге қарсы арбавиурс вакцинасы ерікті түрде салынатынын жеткізді.

Бұл вакцинаның негізгі міндеті – адамдарды кене шағудан алдын ала сақтандыру. Яғни кене энцефалитіне қарсы вакцинаны иммунитет түзу үшін алғаш күз мезгілінде бастау қажет, көктем айында қайта салады. Бір жылдан кейін ревакцинация жасалады. Қалыптасқан иммунитет адам денесін үш жыл бойы қорғай алады, - дейді инфекционист.

baq.kz

03 мамыр 2022 ж. 1 196 0