Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰОС ардагері Сәрсенбек Байжанұлы қос тойын тойлайды

ҰОС ардагері Сәрсенбек Байжанұлы қос тойын тойлайды

Шиелі ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжанұлы 9 мамырда бірден екі айырқша оқиғаны тойлайды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс басталған уақытта Сәрсенбек Байжанұлы 19 жаста болған. 1942 жылы үш ай дайындалып, Сталинградқа аттанған. Қорғаныс операциясының артынан бірден шабуылға шыққан. Ардагер «Уран» және «Кіші Старун» деп аталатын екі операцияға қатысқан. 
«Сталинград үшін айқас соғыстағы өзгеріске толы кезең еді. Қиын әрі қорқынышты болды. Немістер берілуді ұсынды. Бірақ біз қорғанысты ұстап, шабуылға да шықтық. Операция бірінен кейін бірі болды. 97 мың немісті тұтқынға алдық, оның 24-і генерелдар мен фельдмаршалдар, 6 әскер қолбасшысы, Фридрих Паулюс», – дейді ардагер Сәрсенбек Байжанұлы. 
Сталинград түбінде Сәрсенбек ата ауыр жарақат алған. Ал 1944 жылы туған еліне қайтып келді. Ауылына келген соң мектепте мұғалім болып қызмет еткен. 
«Оқушыларының көбісі Қазақстанда түрлі салада жұмыс істейді. Оны ешқашан ұмытпаймыз. Әділдігі, даналығы үшін құрметтейміз, бағалаймыз және жақсы көреміз. Ол – батыр әрі нағыз педагог, сонымен қатар өлең де жазады. Жұмыстары бірнеше рет басылған», – дейді ардагердің тәрбиеленушісі Абай Баукенұлы. 
9 мамырда Сәрсенбек Байжанұлы Жеңісі күнімен қатар 100 жасқа толуын да атап өтпек. 

kyzylorda-news.kz
09 мамыр 2022 ж. 631 0