Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерге сағыныш

Туған жерге сағыныш

Қимастық сезімімен Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептен 1970 жылы түлеп ұшып, жарты ғасырға жуық тарихы бар алтын ұясына сағынышпен келген Ерболат Алиядин туған жерге тағзым етті. Бүгінгі күні республикалық “Ер-Намыс” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, “Ғасыр ағартушысы”, “Ұлы Дала Батыры”, “Мәңгілік ел – Құрметті азаматы” ордендерінің авторы болған Е.Алиядин “Ауылға тағзым” бағдарламасын қазіргі жастарға үлгі еткен болатын.
Айдынды Арал өлкесіне келген сәтте ең алғаш аудан әкімдігі ғимаратына аялдап, аудан әкімі С.Сермағамбетовтің құттықтау сөзін алды. Мұнан кейін 90 жылдан астам тарихы бар Арал аудандық “Толқын” қоғамдық-саяси газетіне табан тіреді. Газеттің бас редакторы Абай Елешовпен және редакция ұжымымен танысып, дөңгелек үстел өткізілді. Бас редактордың бейне құттықтау сөзін алған болатын. Сонымен бірге игі шараның аудандық деңгейде насихатталып, қалың көпшілікке үлгі боларына сенім білдірді. Республикалық ғылыми-әдістемелік спорттық-патриоттық “Спорт жұлдыздары” журналының шеф-редакторы, сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан қала филиалы директоры Жандос Аянбек қолдау білдіре отырып:
– Иә, ең алғаш Ерболат ағамның мектеп бітіргеніме 50 жылдық мерейтойымызды атап өтеміз деген сөзін естігенде таңғалған болатынмын. Себебі 50 жыл деген аз уақыт емес. Сонымен қатар осы сәтте атаулы шараны келешек ұрпаққа да өнеге ету мақсатында деректі фильм түсіру туралы ой келді. Осы жоспарымыз алдағы уақытта адамға рухани азық беретін, өзіндік мәні бар фильм болып шығарына сенемім мол. Атаулы мерекеге жиналатын адамдардың бірі бір шаңырақтың ақ сақалды қарты болса, енді бірі ақ жаулықты әжесі атанып отырғаны барлығымызға белгілі. Сол кісілер де өзінің балалары мен немерелеріне мақтанышпен айта отырып, үлгі етсе дейміз. Міне, осындай 50 жылдыққа біз де келешек жас буында жетсін деген ізгі ниетпен түрлі жоспар құрып отырмыз. Ендігі кезекте Е.Алиядин ағамызға "Ауданның құрметті азаматы" атағы берілсе деген үмітіміз бар. Тағы айта кетерім, қаладағы атқарылып жатқан түрлі іс-шаралармен таныс болдық. Соның бірі – Фарабидің “Aral Fighters” спорт клубына келіп, жас спортшылармен кездесу ұйымдастырылды, – дейді.
        Әрине, атаулы шараның өзі ауқымды болмақ. Себебі “Елу жылда ел жаңа” демекші, бір мектептен түлеп ұшқан жора-жолдастарының бір-бірін сыйлап, құрмет көрсетіп, осы уақытқа дейін араларын үзбей келе жатқанының өзі асыл қасиет емес пе?!

А. НҰРЛАНОВА
14 мамыр 2022 ж. 648 0