Қазақстанда қант экспортына уақытша тыйым салынды

Үкімет ауыл шаруашылығы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен аталған тыйымның енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлауды тапсырды.
Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстанда тұтынылатын қанттың 58%-ы шетелден әкелінетінін мәлімдеген еді. Тамыз айының соңына дейін республикаға 250 мың тонна қантты ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден кедендік баж салығынсыз әкелуге болады.