Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман кеңесі: Ақшаны жинауды неден бастаған дұрыс?

Маман кеңесі: Ақшаны жинауды неден бастаған дұрыс?

«Желмая» жобасының кезекті қонағы отбасылық қаржы кеңесшісі Ләйлә Нұрманова. Ол қаржылық сауаттылық туралы кеңестерімен бөлісті.
Ол өзінің жобаларына қатысатын адамдардың 90%-ы шығын мен табысты есептемейтінін айтты.

Ақшаны басқарудың бірнеше ережесі бар. Оны адамдар үйреніп алса, онда тапқан табысы да, онымен қоса болашағына да ақшасы жетеді. Мысалы, балаларына үй алуға, олардың оқуына және өзінің болашақтағы зейнетақысына ақша жинай алады. Бірақ біздің азаматтарымыз қарапайым қағидаларды ұстамайды, - дейді сарапшы.

Қаржы кеңесшісінің айтуынша, ең кемінде тапқан табыстың 10%-ын жұмсамай, «қаржылық жастыққа» сақтап қою керек.

Бірақ табыс неғұрлым көп болса (мысалы, орташа деңгейдегі 200-300 мың теңге), онда 10% жеткілікті деп ойлаймын. Ал адамның табысы неғұрлым жоғары болса, оның өзіне өзі төлейтін, яғни болашағына сақтайтын ақшасы соғұрлым көбірек болуы керек, - деп түсіндірді Ләйлә Нұрманова.

Маман шығындарды азайтып, қаржыны сақтауды неден бастау керегіне тоқталды.

Ең алдымен адам алдына қойған мақсатын анықтауы керек. Өйткені адамдарға ақшаны не үшін сақтау керегін түсінбейтін ойлар келуі мүмкін. Яғни мақсат белгілі болмағандықтан, адамдар оны жұмсай салады. Мысалы, баланың оқуын алып қарайық. Енді оқудың 1 жылы қанша теңге болатынын есептеп, оны 4-ке көбейту керек. Ал егер бала шетелде оқитын болса, онда оның бір жылдағы шығындарының көлемін анықтау қажет, - деп атап өтті отбасылық қаржы кеңесшісі.

baq.kz
18 мамыр 2022 ж. 340 0