Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Қазақстанды өркендетуге саяси тағы бір қадам

Жаңа Қазақстанды өркендетуге саяси тағы бір қадам

Қазір қоғамда Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу туралы бастамасы кеңінен талқыланып жүр. Бұл ұсыныстың Ата Заңымызда жазылған басты қағидаға негізделгенін атап өткім келеді.
Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына енгізілетін өзгерістер мен 20-дан астам қабылданатын заңдар еліміздің ауқымды саяси трансформациясына бағытталып, саяси жүйемізді түбірімен өзгертпек. Енді жаңа парадигмаға сәйкес президенттің өкілеттігі қысқарып, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейіп, белсенді азаматтарға саяси аренада жол ашылып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаймақ. Айтылған өзгерістерді тиімді жүзеге асыру үшін Конституциялық реформа қажет. Алдағы референдум Мемлекет басшысы айқындап берген «Екінші республиканың» – билік пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, тиімді және теңгерімді моделінің құқықтық негізі. Бұл өте орынды және мен жүзеге асып жатқан мемлекеттік модельдің жаңаруын толықтай қолдаймын.

Әділбек ӘЙІМБЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

18 мамыр 2022 ж. 405 0