Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда жылқыға соққан көлік жүргізушісі көз жұмды

Аралда жылқыға соққан көлік жүргізушісі көз жұмды

Арал ауданында жылқыға соққан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға Арал ауданына қарасты Қамбаш елді мекенінің тұсында болды. «Audi» маркалы көлік иесі «Батыс Европа-Батыс Қытай» тас жолының бойында жылқы малына соқты. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлік ішінде болған жолаушылар түрлі дене жарақатымен Арал аудандық ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындылары күтілуде. Жылқының иесін анықтау мақсатында тиісті сала қызметкерлеріне тапсырма берілді.

kyzylorda-news.kz
19 мамыр 2022 ж. 431 0