Президент айтқан Конституцияға енетін өзгерістер бойынша референдум өтетіні туралы жаңалықты ықыластана тыңдадық. Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның әрбір азаматқа ел тағдырын анықтау ісіне қатысуға мүмкіндік беріп, демократияға бет алуына ықпал ететіндігін айта келе, Констиуцияның жаңаруы іргелі сипатқа ие екенін және ол елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетінін атап өтті. Сонымен бірге осы шешім қабылдау үрдісіне халықтың өзі белсеніп қатысуы керектігінің маңыздылығына нақты тоқталып, референдумның қоғамды жан-жақты демократияландыруға және Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік беретінін, яғни төте демократияның даңғыл жолы осы екендігін халыққа жеткізді.Соңғы рет референдумның елімізде бұдан 17 жыл бұрын өткені есте. Ол тұстағы Қазақстандағы саяси парадигма мүлде басқа еді. Ендігі жерде конституцияға енетін өзгерістер жаңа саяси реформалардың бастауы болмақ. Дегенмен де біз атап айтқанда, Ата Заңға енгізілетін жаңашылдықтардың арқасында халық пен биліктің арасы жақындай түсіп, өзара диалог орнайды деп сенеміз. Бұл – халықтың жағдайының жақсарып, тұрмысының түзелуі үшін де зор мүмкіндік.