Қан қысымынан бас ауырса не істеу керек?
Қан қысымы өзгергенде бас ауруы пайда болуы мүмкін. Мұндай сәттерде жағдайыңызды қалай қалыпқа келтіруге болатынын ресейлік терапевт Татьяна Романенко түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Sputnik Радиосына" сілтеме жасап.
Қан қысымы төмендегенде адам әлсіздік пен бас ауруын сезінуі мүмкін. Дәрігердің айтуынша, мұндай жағдайда кофеин көмектесе алады.
"Басыңыз ауырса, алдымен қан қысымын өлшеу керек. Ол төмен болса, кофеин бар сусындар көмектесе алады. Яғни, жаңа қайнатылған шай немесе кофе ішкен жөн. Кейде бұл шаралар жағдайды жақсарту үшін жеткілікті", - деді Татьяна Романенко.
Бас ауруы қысым жоғарылағанда да пайда болады.
"Қысым жоғарылағаннан бас ауырса, онда біздің міндетіміз - қан қысымын тұрақтандыру (дәрі-дәрмектермен. - автор). Қан қысымы төмендесе, бас ауруы да кетеді. Алдағы уақытта қысымның көтерілуіне жол бермеу маңызды. Ал бас ауруы жиі мазаласа, бұл гипертония білдіруі мүмкін", - деп ескертті дәрігер.
Маман бас жиі ауырса, дәрігермен кеңесу керек екенін айтты.