Қан қысымы жоғары кезінде бас ауруынан қалай арылуға болады
Бас ауруы әртүрлі себептермен, атап айтқанда, қан қысымының өзгеруіне байланысты пайда болуы мүмкін. Мұндай сәттерде жағдайыңызды қалай қалыпқа келтіруге болатынын терапевт Татьяна Романенко түсіндірді. Бұл туралы Sputnik радиосы жазды.
Бас ауруларының көптеген себептері бар, бірақ олардың ең көп тараған түрі – қан қысымының өзгеруі. Мысалы, ол төмендеген кезде дене әлсізденіп, бас ауырады, дейді Романенко.
Дәрігердің айтуынша, кофеин бұл жағдайда көмектесе алады.
"Басыңыз ауырса, ең алдымен қан қысымыңызды өлшеп алуыңыз керек. Төмен екені анықталса, құрамында кофеин бар сусындар көмектеседі. Яғни, жаңа қайнатылған шай немесе кофе ішу керек. Кейде бұлар жағдайды жақсартуға және бас ауруын тоқтатуға жеткілікті", - деді Татьяна Романенко.
Бас ауруы қысымның жоғарылауымен де болуы мүмкін, дейді дәрігер.
"Егер бас ауру қысымның жоғарылауынан болса, онда қан қысымын тұрақтандыру (дәрілердің көмегімен) қажет", - деп ескертті дәрігер.
Ол мұндай проблема өте сирек кездесетін жағдайда ғана бас ауруын өз бетімен жеңілдетуге болатынын атап өтті. Егер басыңыз жиі ауырса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
massaget.kz