Қызылордада алаяқтық қылмысының басым бөлігі интернет арқылы жасаған

Алаяқтық қылмыспен айналысатындардың 70 пайызы – әйелдер. Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы былтырғымен салыстырғанда 44,1 пайызға азайған.
«Бұл халықтың құқықтық сауатының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын білдіреді. Полиция қызметкерлері күнделікті халыққа алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіруде. Тұрғындар осыған мән беруі қажет. Алайда, алдап-арбаудың жетегінде кетіп жатқандар көп», – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.
kyzylorda-news.kz