Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2,5 млн-ға жуық қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алады

2,5 млн-ға жуық қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алады

Амбулаториялық қамтамасыз ету аясында 2,5 млн-ға жуық қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алады.
Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы қаңтардан бастап азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге, тегін амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттардың тізбесін кеңейтуге, оның ішінде орфандық аурулары бар пациенттерді дәрімен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі іс-шараларға бастамашылық жасады. Орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесіне аурулардың 10-нан астам жаңа түрі және 22 дәрілік препарат енгізілген, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, амбулаториялық қамтамасыз ету аясында шамамен 2,5 млн қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алады.

baq.kz
30 мамыр 2022 ж. 423 0