Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Психикалық денсаулық орталығында 40 төсектік балалар бөлімі жұмыс істейді

Психикалық денсаулық орталығында 40 төсектік балалар бөлімі жұмыс істейді

1 маусым – халықаралық балалардың құқығын қорғау күніне орай облыстық психикалық денсаулық орталығында көңілді мереке ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада орталық директоры Әділбай Медетбаев балалар бөлімінің ем алушыларын атаулы күнмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мұнан соң, арнайы шақырылған аниматорлар балғындармен түрлі ойындар ойнап, көпшілікті қуантты. Балғындарға түрлі сыйлықтар тарту етілді.
Сонымен қатар, орталық директоры ерекше балаларды тәрбиелеп жатқан ұжым қызметкерлерін қабылдады. Жиында емдеу мекемесінің басшысы қиындыққа мойымай, баласының сауығып кетуі үшін аянбай күресіп жүрген мамандарға алғысын білдірді. Әділбай Қаниұлы орталықтың кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйын табыстап, бір мезет көңілі алаңдаулы жандарға қолдау көрсетті. .
«Бүгінде орталықта 40 төсектік балалар бөлімі жұмыс істейді. Дәрігерлер психикалық дертке шалдыққан жеткіншектерді медикаментозды емнен бөлек, арнайы еңбек терапиясы арқылы да емдейді. Сонымен қатар балалармен психологтар және олигофрен-маманы жұмыс жүргізеді. Орталықта балалардың толыққанды ем алуына барлық жағдай жасалған. Жас ем алушылар серуен алаңы мен спортзалда уақыттарын тиімді өткізіп жүр», – деді орталық директоры Әділбай Медетбаев. .

kyzylorda-news.kz​​​
01 маусым 2022 ж. 683 0