Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің ертеңі үшін өз таңдауымызды жасайық

Елдің ертеңі үшін өз таңдауымызды жасайық

5 маусым күні өткізілетін референдумға санаулы күндер қалды. Бұл күнгі болатын ауқымды өзгеріс, ел тари­хындағы аса маңызды қадам болмақ. Ата-заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Сол себепті  жаңа Қазақстанда қоғамның пікірі маңызды. Президентіміз өзінің осы бастамасы арқылы азаматтарды ел өміріне белсене араласуға шақырып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының, референдум әрбір азаматтың елдің тағдырын айқындауға тікелей қатысу мүмкіндігі дегені сондықтан. Бұл қадам, бір жағынан, билік пен қоғамның арасындағы әлсіреген сенімді нығайтуға да оң ықпалын тигізетіні анық.
Жаңа белеске қадам басатын Жаңа Қазақ­­станның болашағы үшін әрбіріміз ре­фе­рен­­думға қатысып, өз таңдауымызды біл­ді­ре­йік. Бұл – біздің азаматтық, осы елдің ер­те­ңіне алаң­дайтын перзенті ретіндегі борышымыз.

К. ЗДЕНОВА 
03 маусым 2022 ж. 589 0