Қазақстан мектептерінде бұдан былай ата-аналар жиналысы өткізілмейді
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1654662818_555.jpg)
"Мектептерде ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өткен жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу тапсырылды. Бұрынғыдай барлық ата-аналарды сыныпқа жинап, баланың үлгерімі мен мінез-құлқын талқылаудың өажеті жоқ. Басқа ата-ананың көзінше басқа біреудің баласын талқылауға болмайды. Әрбір ата-анаға баласының үлгерімі мен мінез-құлқы туралы ақпарат берілуі керек. Әрине, сіздің көзіңізше баласының үлгерімін талқылайтындықтан оның ата-анасы мектеп жиналыстарына келгісі келмейді", - деді министр.
Аймағамбетов мұғалімдердің ата-аналарға балаларының қай пәнге көбірек қызығатыны және одан әрі нені оқуы керектігі туралы бөлек хабарлауы керектігін айтты.
stan.kz