Бүгін толған ай жерге барынша жақындайды
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1655180757_3.jpg)
Ай Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:52-де толып, 11,5 сағаттан кейін өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесі – перигейден шамамен 357429 шақырымнан өтеді, деп хабарлайды «Бақылау астрономиясы» сайты.
Айдың көрінетін диаметрі орташа мәнге қатысты шамамен 8% өсіп, жарығы шамамен 13% артады.
Ал көкжиекке жақын жерде (кешке және таңертең) «ай иллюзиясына» байланысты жердің серігі ірі болып көрініп тұрады.
Астрологтар алдағы «суперайға» қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Бұл – адамдар үшін кешірім жасап, алғыс білдіре алатын ең қолайлы уақыт.
kyzylorda-news.kz