Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділдікті ту еткен ұжым

Әділдікті ту еткен ұжым

Биыл 23 маусымҚазақстан полициясына 30жыл толып отыр. 1992 жылдың 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" заңды қабылдаған болатын.
Ел тыныштығы күзетінде күн-түнмен санаспай қызмет ететін полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Қоғам қауіпсіздігіне қорған болып келе жатқан жауынгерлік қызмет сапындағылардың мемлекеттік мүддені және азаматтардың жеке басын қылмыстық қол сұғушылықтан сақтауда бас амандығы бәрінен қымбат. Қазақстан полициясының төл мерекесі күніне орай Арал аудандық Полиция бөлімінің бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде білуге тырыстық.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің  басым бағыттарына қылмыстардың алдын алу профилактикасы, азаматтардың ішкі істер органдарына жазған арыз-шағымдарын уақытылы тіркелуі, жедел тергеу тобының оқиға орнына уақытылы баруы және сапалы жұмыстарды атқаруы, тіркелген қылмыстардың ізін суытпай тәулік ішінде ашылуы жатады.
Аталған басты бағытты назарға ала отырып, осы жылдың 5 айында аудандық полиция бөлімінде 793 арыз бен хабарламалар тіркеуге алынса, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 90 хабарлама мен арыз-шағымдар өткен. Қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмауына байланысты 336 құжат номенклатуралық іске жолданған. 256 арыз-шағым мен  хабарламаларға әкімшілік шаралар көрілген.
        Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында  Арал ауданының полиция бөлімінің атқарған кешенді жұмыстардың нәтижесінде  жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі 34,5 пайызға немесе 39 іске төмендеген. Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі  34,5 пайызға немесе 39 іске төмендеген (113-ден 74-ге). Оның ішінде ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 33,3 пайызға (39-дан 26-ға), орта санаттағы қылмыстардың тіркелуі 49,2 пайызға (59-дан 30-ға). Жекелеген қылмыстар бойынша қарақшылық, тонау, қорқытып алу қылмыстары мүлдем тіркелмеген.  Пәтер ұрлығы 16,7 пайызға (6-дан 5-ке),   алаяқтық  0,0 пайызға (8-ден 8-ге), зорлау қылмысы 100,00 пайызға (1-ден о-ге), ұрлық қылмысы 29,7 пайызға (37-ден 26-ға), мал ұрлығы 52,8 пайызға (36-ден 17-ге) төмендеген. Сонымен қатар қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар  50,0 пайызға (8-ден 4-ке),мас күйінде жасалған (11-ден 8-ге) 27,3 пайызға төмендеген. Қылмыстардың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда 60,9 пайызға жоғарылаған.
        Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бөлім қызметкерлері жауапкершілікпен жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі №271-ІV құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңын басшылыққа ала отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірге қоғамдық орындар мен көшелерден 2371 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.
        «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс туралы қағидатын» басты назарға ала отырып, қоғамдық орындар мен көшелердегі жұмыстардың басым көпшілігі осы бағытта ұйымдастырылған. Аталған бағытта жұмыс көрсеткіші ҚР ӘҚБтК-нің 10-бабымен айқындалса, бұл бағыттағы жұмыстармен 542 құқық бұзушылық анықталған.
        Отбасы тұрмыстар қатынастар саласында орын алатын қылмыстардың алдын алудағы профилактикалық жұмыстар бойынша 107 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, оларға бақылау жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық, тізімдік есептегі барлығы 414 тұлғаның мекенжайлары бойынша аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде екен.  Сот арқылы 19 тұлғаның жүріс-тұрысына ерекше талап белгіленген. 11 тұлға сот арқылы еріксіз емдеу мекемесіне орналастырылған.
         Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе,  2022 жылды «Балалар жылы» деп белгіленгені баршамызға  белгілі. Бұл орайда, аудан көлемінде кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда бала тәрбиесіне қатысты мүдделі құзырлы органдармен бірлесе отырып «Түнгі қала», «Тұрмыс», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ», «Демалыс», «Жасөспірім», «Мен және менің полицейім» атты профилактикалық іс-шаралар өткізілген.
        Ал жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында, «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Қайта жабдықтау», «Құқықтық тәртіп» мал ұрлығы қылмысының алыдан алу бағытында «Мал ұрысы» заңсыз аңшылықтың алдын алуда «Уылдырық»,  «Қару», заңсыз келушілерді анықтау бағытында «Мигрант», есірткі қылмыстарын алдын алу бағытында «Өрмек» жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізіле отырып,   тиісті шаралар қабылданған.
        Сондай-ақ ұрлық қылмыстары мен алаяқтық қылмыстары бойынша тіркелген 74 қылмыстың 26-сы ұрлық қылмыстарын құраса, профилактикалық жұмыстардың негізгі бөлігі осы бағытта атқарылған. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағында кең етек алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі былтырғы жылмен салыстырғанда 36-дан 17-ге (52,8%) пайызға азайған.
        Өткен жылы Арал ауданы әкімдігі прокуратура органдары және полиция бөлімімен мал ұрлықтарының алдын алу бағытында  малдарды пада арқылы жайылуы бойынша бастама көтеріліп, аудан әкімдігінде жедел кеңес өткізіліп, нәтижесінде малдардың пада арқылы жайылуы ұйымдастырылған. 
Бірлескен шара барысында құжатсыз мал тасымалдаушылардың   малдарының ұрлық немес ұрлық еместігін анықталғанға дейін ұсталған малды уақытша орналастыру қамау орны барлық елді мекендерде ашылған. Нәтижесінде мал ұрлығы  азайған. Сонымен қатар алаяқтық қылмыстың  тіркелуі   8-ден 8-ге тең күйде болып тұр. Тіркелген 8 алаяқтық қылмысының 7-еуі интернет алаяқтық, 1-еуі  "жұмысқа тұрғызып беремін" деген желеумен жасалған алаяқтық қылмыстары екен.
          Алаяқтық қылмысының басым көпшілігі интернет желісі арқылы орын алған. Интернет алаяқтары уақыт өткен сайын  алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып отырғандықтан, мұндай қылмыстың нақты түрлерін айқындауда қиындықтар туындауда.
         Алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында бөлімнің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерімен бірге  «Алаяқтан  сақтан» атты іс-шарасы өткізіліп, шара барысында халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы парақшалар таратылып, осы ауданда орналасқан дүкендер мен қонақ үйлердің есіктеріне жарнама ретінде жадынамалар жапсырылып, біршама жұмыстар жүргізілген.
         Мемлекет басшысының ұрлық қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандыру жайлы тапсырмасына сәйкес,  мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру мақсатында, мүдделі органдармен кешенді ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілуде екен. 
         Халқымыздың алаңсыз жұмыс  жасауына, бейбіт өмір сүруіне, тұрмыс саласын жақсартуына қажетті қауіпсіздік пен тыныштық.  Заңсыз әрекеттерден қорғауда алдымен қол ұшын беретін құрылым – ол Полиция.   Демек осы жоғары талап деңгейінен табылып, халық сенімінен шығу үшін   аталған құқық қорғау органында нақты және сапалы жұмыстар  атқарыла бермек.
Иә, полиция қызметкерлерінің әрбір қада­мы – елдің көз алдында. Кәсіби мереке қарсаңында ізгі қоғам­ның қарапайым қағидаларына қылау жұқтырмауда қырағы күзетінен танбайтын тәртіп сақшыларының қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріне сәттілік, отбастарына амандық тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер деген тілектеміз.

К. МАХСҰТ 
21 маусым 2022 ж. 506 0