Қазақ полициясының төл құрдасы
![](/uploads/posts/2022-06/1655726648_aydar.jpg)
Полиция капитаны Айдар Шөменұлы 1992жылдың 2 ақпаны күні дүниеге келген. 2010 жылы Арал қаласы №262 орта мектепті бітірген соң, 2011 жылы ҚР ІІМ-нің Б.Бөкенбаев атындағы Заң институтына түсіп, 2014жылы оқуын ойдағыдай тәмамдап «құқық қорғау қызметі» мамандығымен қоса «полиция лейтенанты» арнаулы атағын алды.
Ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы қызметін 2014жылдың маусым айынан Арал ауданының Полиция бөлімінің жедел криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі лауазымынан бастап, 2019-2020 жылдары бөлімнің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, ал 2020 жылдың мамыр айынан бастап бөлімнің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі қызметін абыройлы атқарып келеді.
– Мен өз қызметіммен мақтан тұтамын және Отан игілігі үшін қызмет етемін. Полиция қызметкері жан-жақты болуы керек, білімді, спортты меңгерген, сыпайы, ілтипатты, ең бастысы, халықпен тіл табыса алуы шарт. Ел тыныштығын сақтап, азаматтардың құқығын қорғап, қылмыскерлерді анықтап, жауапқа тарту – полиция қызметіне жүктелген жауапты әрі салмақты міндет», – дейді А.Шөменұлы.
Қызмет атқару барысында полиция капитаны А.Ембергенов ҚР ІІМ-нің, Қызылорда Облысының Полиция департаментінің және бөлімнің Грамота және Алғыс хаттарымен марапатталған.Бос уақытында спортпен айналысқанды жақсы көретін кейіпкеріміз, жұбайы Айнұр екеуі бір қыз тәрбиелеп отырған үлігілі жанұяның отағасы.
А. ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
Арал ауданының Полиция бөлімінің кадр
саясаты тобының инспекторы, полиция копитаны.