Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Синоптиктер 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз батыс пен шығыста жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың шығысында екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел 15-20, екпіні 25 м/с, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай, облыстың оңтүстігінде жел 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, найзағай 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, күндіз жел күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының түнде солтүстігінде күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

«Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады», делінген хабарламада.

Күндіз Атырау облысының шығысында, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Атырау облысының шығысында, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
23 маусым 2022 ж. 466 0