Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шашты кептірмей ұйқыға жатудың зияны қандай?

Шашты кептірмей ұйқыға жатудың зияны қандай?

Жақсы ұйықтау үшін де тамаша атмосфера керек екенә рас. Оған жатын бөлменің жайлылығы, жылы көрпе, жұмсақ жастықтар, медитациялық әуен, оттегі бөлетін жасыл үй өсімдіктерінің көптігі... ... бәрі ықпал етеді. Ал кейбірі жай ғана душ қабылдап қоймай, ыстық ванна қабылдағаннан кейін ғана тәтті ұйқыға батуды жөн санайды. Мұндай жағдайда шашын кептірмей, су күйінде жастыққа жата қалуы да мүмкін. Бірақ мамандар мұндай әдеттің зиян екенін айтады.

Бала кезден дүниенің түкпір-түкпіріндегі аналар ұлты мен діні қандай болса да, осы тұжырымды қыздарына айтып келе жатқаны рас. Сіз де әжеңізден не жеңгеңізден су шашпен ұйықтаудың зиян екенін сан мәрте естіген шығарсыз. Стилистер мен терапевттердің де бұған қосары бар.

Тұмаурату

Терапевтер пікірінше, бұлай ұйқыға жату үйден шықпай-ақ тұмаурату ықтималдығын арттырады. Дәрігерлер дененің шамадан тыс суу салдарынан туындайтын бұл аурудың дымқыл шаштың (сонымен қатар шұлық, аяқ киім немесе қолғап) да әсерінен туындауы мүмкін екенін айтады. Бұл иммундық жүйені әлсіретеді. Өйткені, дене салқындаған кезде қан тамырлары тарылады, бұл вируспен күресетін лейкоциттердің еркін қозғалуына жол бермейді, яғни дымқыл бас суық тиюіне ықпал етеді.

Шашқа зақым келтіру

Әйгілі шаштараз Джон Руджеро айтқандай, дымқыл шашпен ұйықтау «жақсы идея емес, өйткені сіз оянған кезде шашыңыз ұйысып жатады, ондай түрмен тек Хэллоуинге ғана бара аласыз». Егер сіз амалыңыздың жоқтығынан дымқыл шашпен ұйықтауға мәжбүр болсаңыз, яғни шаш кептіргішіңіз сынып қалса, Руджеро бірнеше сақтық шараларын орындауға кеңес береді. Шашыңыз ұйысып не сынбауы үшін, жуып болған соң кондиционермен шайыңыз. Ұзын шашты босаңдау етіп өрсеңіз, таңертең ұйыспақ түгілі, бұйраланып құлпыра түседі.

Шаш мамандары ұсынатын тағы бір лайфхак - атластан тігілген жастық қаптары. «Бұл шаштың тезірек кебуіне, жастықта сусылдап қозғалуына және ұйысудың алдын алуға мүмкіндік береді», - деп түсіндіреді Руджеро. Бұл бет терісіне де пайдалы, өйткені ол әжімдердің пайда болуына әкелетін қыртыстардан қорғайды.

massaget.kz
24 маусым 2022 ж. 792 0