Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 минут жаяу жүрудің пайдасы

10 минут жаяу жүрудің пайдасы

Адам қанша жұмысбасты, шаруабасты болса да, тым болмағанда 10 минут жаяу серуендеуге, жаяу жүруге уақыт табылатыны рас. Адам ағзасы үшін осы 10 минуттың өзі пайдалы екен. Адамның физикалық және психологиялық жай-күйін, денсаулығын жақсартуға жетіп жатыр.

Адам сезім күйі жақсарады. Таза ауада серуендеу миға өте пайдалы. Содан психикаға жақсы әсер етеді. Күніне 10-12 минут жасу жүрген адамның жады жақсарып, зейіні күшейеді. Сабырлы күйге енеді, өзіне деген сенімділігі артады.

Мидың ойлауы жақсарады. Таза ауада, табиғат аясында серуендеген адамның когнитивті тестіден жақсы өтетінін талай зерттеу дәлелдеген. Сондықтан емтиханның алдында таза ауада серуендеп жүрудің пайдасы зор болмақ. Адамның жады жақсарып, концентрациясы реттеледі.

Өмірді ұзартады. Ұлыбританияның Корольдік колледжі мамандарының зерттеуі дәлелдегендей, күніне 10 минут жылдам жаяу жүруді әдетке айналдырған адамның өмірі шамамен 15 пайызға ұзарады екен.

Қан айналымы жақсарады. Мұны енді айтпаса да түсінікті. Күні бойы отырып жұмыс істейтін адам үшін өте пайдалы. Отырудан қан айналымы біршама тоқырап қалады. Жылдам жаяу жүру арқылы қан айналымын қайта күшейтіп, жүрек ауруларының алдын алуға болады.

Арықтау. Жаяу жүргенде де барынша жылдамырақ жүру керек. Ондай жүрістің калория жұмсалымы жүгірумен бірдей. Күнде тым болмағанда 10 минут жылдам жаяу жүруді әдетке айналдырсаңыз, 2-3 айда арықтауыңыз мүмкін.

Жаяу жүру жүрекке пайдалы

massaget.kz
27 маусым 2022 ж. 1 200 0