Әскерден есін білмей оралған қызылордалық Ринаттың отбасы кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде

Ринат 9 айдай емделіп, қазір жағдайы тұрақталған. Ринат бұған дейін жасатқан Алматы мен Қызылордадағы сараптама нәтижелеріне сенімсіздік танытып Нұр-Сұлтан қаласына барған.
“Қызылорда мен Алматының сараптамасы мүлде дұрыс емес. Сараптама бойынша баламызды бұрыннан ауруы бар деп көрсетіп тұр. Егер бұрыннан ауыратын болса, онда әскерге қалай қабылданды? Аралдың, Қызылорданың әскери бөліміндегілердің барлығы баланың денсаулығы мықты деп теңіз флотына жіберді. Бірақ меніңше барлық мәселені туындатып жүрген әскердегі сержанттар болуы керек”,- деді әжесі Мәриям.
Қазір жағдайым тұрақталды деген Ринат сержанттардың бұл іске қатысы бар екенін ашық айтты.
“Әжемнің, отбасымның арқасында қазір денсаулығым жақсарды. Барлығы сол сержанттардың кесірі ғой. 360 күн жақсы жүрдім де үйге оралуыма 5 күн қалғанда осындай жағдайға ұшыратып отыр”,- дейді Ринат.
kyzylorda-news.kz