Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қосанов еркекше сөз беріп еді": Ринат Зайытов сайлаудан кейінгі ұсталғаны жайлы айтты

"Қосанов еркекше сөз беріп еді": Ринат Зайытов сайлаудан кейінгі ұсталғаны жайлы айтты

Айтыскер ақын Ринат Зайытов сайлаулан кейінгі ұсталуына қатысты пікір білдірді. Не себепті халықтан тізерлеп кешірім сұрағанын айтты.

Ринаттың айтуынша, митингіге шыққаннан халық ұтпайды, керісінше ұтылады. Себебі онда қантөгіс болуы мүмкін. 
"Митингіге біз аяқ асытанан шықтық. Мені қамайтынын алдын ала білдім. 15 күнге қамайтын шығар дедім. Бірақ мені жастардың талабынан соң босатты. Сол сәтте өзімді бақытты ақынмын деп сезіндім. Жастардың мені қолдап шығатынын білмедім. Митингіден халық ұтпайды, ұтылады. Қантөгіс болған жағдайда, біреу бауырынан, біреу қарындасынан айырылуы мүмкін. Ондай жағдайдың болғанын қаламаймын. Сондықтан полицияға қарсыласпаған себебім сол", - деді ақын.  
Зайытов не себепті халықтан тізерлеп кешірім сұрағанын айтты. Бұл жайт сайлау мен Әміржан Қосановқа тікелей байланысты екені белгілі.
"Маған егер алданып қалсаң не істейсің деген сұрақ қойды. Сол кезде "халықтан тізерлеп кешірім сұраймын" дедім. Қосановқа алдандым. Сондықтан айтқанымдай кешірім сұрадым. Мені түсінген халық кешірді деп ойлаймын. Әміржан Қосановтың атын да атағым келмейді. Оның өзінен "сізге алданып қалмаймын ба? "деп сұрағанымда, "жоқ, бауырым, бәрі дұрыс, ерекекше сөзім" деген еді", - деді Ринат.
Ол бүгінде партия құрудың шарттан қарап жатқанын айтты. Бұрынғы ұстанымы мен көзқарасының өзгермегенін жеткізді. Алайда жанында ешқандай сенімді серігі жоқ екенін мойындады. 
Айта кетейік, бұған дейін алаңға шыққан Ринатты полицейлер ұстап әкеткен еді. Ринат сайлауда Әміржан Қосановты қолдауға шақырғаны үшін халықтан кешірім сұрады. Кейін өзін полицейлердің босатқанын айтып видео жариялады.

https://stan.kz  

05 шілде 2019 ж. 632 0