Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - Ұлттық домбыра күні

Бүгін - Ұлттық домбыра күні

Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгілеу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы жарық көрді. Сол жылы шілдедегі алғашқы жексенбі 1-і күніне келіп, елорданың «Қазақ Елі» монументі алдында жиналған екі мыңнан астам музыкант «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін орындаған еді.
03 шілде 2022 ж. 455 0