Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 10 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжауынша, Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында - 15-20 м/с.

«Күндіз 10 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 16 м/с», деп жазды Қазгидромет.

Күндіз 10 шілдеде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с. Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
10 шілде 2022 ж. 441 0