Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Індет қайта өршіп барады

Індет қайта өршіп барады

Шартараптың түкпір-түкпірінде коронавирус індеті күннен-күнге өршіп барады. Алматы инфекцияның қайта таралуына байланысты «қызыл» аймаққа жақындап қалған.
Бұған дейін «сары» аймақта болған Алматы қаласы кейінгі тәуліктегі көрсеткіш бойынша алдыңғы орынға шығып, «қызыл» аймаққа жақындады. Ал «жасыл» аймақта тұрған Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа жақын тұр. Қалған қалалар мен облыстар «жасыл» аймақта.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елде тәулігіне 416 адам індет ілмегіне ілінсе, шамамен 126 тұрғын осы кеселден жазылып шықты.
– Елімізде барлығы 1 293 448 адам COVID-19-дан емделді. Ал вакцинаның бірінші компонентін 9 532 368 адам, екінші компонентін 9 315 917 адам салдырды, – деп жазылған комиссия мәліметінде.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, кейінгі екі аптада вирус жұқтыру 30 % өскен. Еуропа мен Америкада омикронның Би-Эй 4 және 5 деген түрлері кең етек жая бастады. Ал Үндістанда вирус­тың жаңа өзгерген нұсқасы тіркелген.
Ал Түркияда кейінгі екі аптада ­коронавирус инфекциясы бес есе өсті. Азаматтардың негізгі бөлігі омикрон штамын жұқтыруда.
Қазір коронавирус белгілері мен ағымы бойынша басқа ЖРВИ-ден ажыратылмайды, алайда ол әртүрлі аурулардың қозуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, ол әртүрлі тромбоэмболиялық асқынулардың дамуымен жүрек-тамыр жүйесі, тірек-қимыл жүйесі, тері, өкпе, әртүрлі аутоиммунды аурулардың манифестациясын немесе қозуын тудыратын қиын ауру болып қала береді.
Таза ауада серуендеп, тыныс алу жаттығуларын жасап, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді пайдалану аурудан кейін қайта қалпына келуге көмектеседі. Егер аурудың белгілері ұзаққа созылса, онда өзі бұрын білмеген аурудың өршуіне алып келуі мүмкін жағдайға тап болмас үшін нау­қас дәрігермен кеңесу керек.

syrboyi.kz
12 шілде 2022 ж. 274 0