Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия алаңында құқықтық кеңес берілді

Партия алаңында құқықтық кеңес берілді

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлік көмек бағытында тақырыптық қабылдау өткізілді.
Қабылдауды облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы,Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң палатасының заңгер-консультанты Балжан Қайырбекова және Қызылорда облыстық өңірлік сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы Ерболат Медешов жүргізіп, қала тұрғындарына заңгерлік, құқықтық көмек көрсетті.
Тақырыптық қабылауда алимент өндіру, несие тарихын реттеуге ықпал жасау, еңбек шарты бойынша өтемақы алу, жеке сот орындаушылардың әрекетсіздіктері және т.б мәселелер төңірегінде болды.
Тұрғындар тарапынан түскен талап-тілектер бойынша заң өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер берді.

kyzylorda-news.kz
20 шілде 2022 ж. 239 0