Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Съезд делегаттарымен кездесу өткізілді

Съезд делегаттарымен кездесу өткізілді

Бүгін партия филиалының мәжіліс залында "AMANAT" партиясы жанындағы Жастар қанатының кезектен тыс VI съездіне қатысқан аудан делегаттарымен кездесу өткізілді.

Съезд делегаттары, Ақмола облысының Зеренді аймағында өткізілген тарихи съездің мән-мағынасының ерекше екендігін жеткізіп, съезд аясында қабылданған жұмыстармен бөлісті.
Кездесу барысында "Жастар Рухы" Жастар қанатының алдағы жоспарлары мен жобалары талқыланып, аудан жастары жаңа идеялармен тың жұмыстарға бастамашыл болу керек екендігі жеткізілді.
Айта кетейік, "AMANAT" партиясы жанындағы Жастар қанатының кезектен тыс VI съездіне өңірлерден 350 ден астам делегат қатысқан болатын.
Сабырбай Ержан Әділжанұлы,
"Жастар рухы" жастар қанатының бөлімше басшысы
22 шілде 2022 ж. 378 0