Індет қайта күшеймесін десек...
Пандемиямен күрес жалғасуда. Бұл індет біресе бәсеңдеп, жайбарақаттыққа салына бастағанда тағы өршіп, көпшіліктің алаңдаушылығын тудыруда.
Қазақстанда 28 шілдедегі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 3095 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 918, Алматыда – 694, Шымкентте – 78, Ақмола облысында – 119, Ақтөбе облысында – 47, Алматы облысында – 101, Жетісу облысында – 129, Атырау облысында – 76, Шығыс Қазақстанда – 25, Абай ауданында – 55, Жамбыл облысында – 121, БҚО – 87, Қарағанды облысында – 327, Ұлытау облысында – 35, Қостанай облысында – 55, Қызылорда облысында – 63, Маңғыстау облысында – 36, Павлодар облысында – 67, Солтүстік Қазақстанда – 40, Түркістан облысында – 22. Жалпы елімізде 1 344 360 жағдай расталып отыр.
Жақында өткен кезектен тыс алқа мәжілісінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова: "Биыл өңірімізде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы күрделініп, 2022 жылдың 29 аптасында ауруға күдікті 38 жағдай анықталды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 2,1 есеге өсті. Коронавирус инфекциясы бойынша да аурушаңдық көрсеткіштері күн санап өсіп келеді. Аурудың клиникалық белгілері мен анықталу жағдайлары жиілеген. Алдын алу шараларын күшейтуге басымдық беру қажет", – деді.
Індетпен күрес мақсатында вакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дегенмен тұрғындар арасында әлі де болса бейқамдық аңғарылады. Сондықтан әрбір азамат өзіне, айналасына, жақындарына жанашырлық танытып, індеттен құтылудың жалғыз жолы – екпе алуы керектігін жадында ұстағаны жөн.
"Толқын" ақпарат