Демалыс күндері 37 градусқа дейін ыстық болады:

Алдағы күндері, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің қалған бөлігінде ұзақ уақыт бойы ауа-райын, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайды. Мұнда жаңбырлы ауа райы болжанады. Найзағай, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін.
Температуралық фон ерекше өзгерістерге ұшырамайды. Күндіз батыста +30 +37°С, оңтүстік-батыста +27 +37°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте, шығыста +22 +30°С, орталықта +20 +28°С, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35°С, ал таулы аймақтарда +25°С шамасында ыстық болжанады.