Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, бұршақ: 10-12 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

Жаңбыр, бұршақ: 10-12 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

Синоптиктер 10-12 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, оған сәйкес елімізде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, 8-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады. Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады, олар найзағай, бұршақ, екпінді желмен бірге жүреді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Дегенмен батыс пен оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады.

Батыста ауа температурасы: түнде +13+23℃ дейін жылынады, ал күндіз +23 +32℃ дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында: түнде +10+21℃ күтіледі, күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді. Елдің орталығында және шығысында: түнде +13+23℃, күндіз +25+37℃, ал Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнгі температура +18+25°С, күндіз +30+42°С, делінген синоптиктер хабарламасында.
09 шілде 2021 ж. 418 0