Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе алу – саулығымыздың кепілі

Екпе алу – саулығымыздың кепілі

Қайта бас көтерген коронавирус індеті өршіп барады. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 4 тамыздағы мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын 2579 адам  жұқтырғаны анықталған. Ал облыс бойынша  нақты індетке шалдыққандардың саны – 42.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 733, Алматы қаласында – 430, Шымкент қаласында – 29, Ақмола облысында – 104, Ақтөбе облысында – 52, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 100, Атырау облысында – 46, Шығыс Қазақстан облысында – 21, Абай облысында – 38, Жамбыл облысында – 53, Батыс Қазақстан облысында – 112, Қарағанды облысында – 375, Ұлытау облысында – 80, Қостанай облысында – 93, Маңғыстау облысында – 52, Павлодар облысында – 95, Солтүстік Қазақстан облысында – 58, Түркістан облысында – 16. Жалпы пандемия басталғалы елімізде инфекция 1 362 647 адамда тіркелді.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният: "Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда. Елімізде пандемия басталғаннан бері ресми статистикаға сәйкес коронавирустық инфекциямен 1 млн 400 мыңнан астам адам ауырып, аурудың 5 толқыны болды. Маусымның 20-нан бастап республика бойынша КВИ-нің келесі көтерілуі басталды. Соңғы екі аптада ауырған адамдардың саны 10 714 жағдайдан 34 550 жағдайға дейін 3,2 есеге өсті", – деп атап өтті.
Мұндай вирусты жұқтыру да, одан сауығу да неше түрлі ойға кезіктіреді. Небір дәрі-дәрмектердің өзі ауруға дауа болмай, көз алдымызда өмірден өткен жандар қаншама. Бұл індеттен құтылудың жалғыз жолы – екпе алу екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан күнделікті тұрмысымызда індеттің алдын алу шараларын қатаң сақтау және екпе алу арқылы тіршілігімізді жалғастыратын боламыз. Ендеше дерт дендемесін десек, саулығымыз жолындағы басты талаптарды ұмытпайық.
"Толқын" ақпарат
05 тамыз 2022 ж. 437 0