Облыстағы полигон қызметін ұйымдастыру мәселелері қаралды
Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен облыс прокуратурасымен облыс бойынша полигондар қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою мен облыста қалдықтарға арналған полигондар жүйесін дамыту мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске облыс прокурорының орынбасары Б. Мырзабаев, Қызылорда қаласының әкімі А. Шаменов, облыс прокурорының аға көмекшісі Т. Бектұрсынов, уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары және селекторлық режимде аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібі бойынша облыс прокурорының аға көмекшісі Т. Бектұрсынов талдау нәтижесімен полигондар қызметінде анықталған заң бұзушылықтарға тоқталып, әзірленген ұсынымдарды атап өтті.
Сондай-ақ, басқарма басшысы М. Құрманбаев облыстағы полигондардың жәй-күйі, Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі, Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандарында жүзеге асырылатын сұрыптау кешендері бар полигондардың жобаларына кеңінен тоқталып өтті.
Мәжіліс қорытындысымен Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі және Жаңақорған кенттеріндегі полигон қызметі үшін берілген жер учаскелерін қоршап, қалдықтарды қабылдау және күзет–бақылау пункттерін ұйымдастыру, жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы полигон басында кіші сұрыптау желілері құрылатын болып шешілді.
kyzylorda-news.kz