ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Қабылдауда тұрғындар қаладағы темір жол өткеліне аспалы көпір қажеттілігі және жол жөндеу, жарықтандыру сынды түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде борышкерлердің түрлі жағдайларға байланысты уақытылы алимент төлемеуі мәселесімен бірнеше азаматша жүгінді.
Қабылдаудан соң уәкілетті органдардың қатысуымен өткен ведомствааралық мәжілісте облыс прокурорының орынбасары аудан прокуроры мен полиция бөліміне және жеке сот орындаушыларына аудан әкімшілігімен бірлесіп алимент және айыппұл өндіру бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру қажет екендігін тапсырды.
Ауданға жасаған сапары барысында Нұрлан Ермекбайұлы Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі уақытылы алимент төлемей жүрген борышкерлердің тұрғылықты мекен-жайларына болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.