ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Кеше Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Ерманов Нұрлан Ермекбайұлы ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында ең адымен аудан орталығындағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Мұнан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс прокурорының орынбасары Н.Ермановтың төрағалығымен жиын өткізілді. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов, аудан прокуроры А.Тәженов және аудан ардагерлері, өзге ұлт өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде маңызды деген екі мәселе қаралды. Бірінші кезекте ұлтаралық тұрақтылық мәселесі сөз болды. «Қазақстан – әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Алайда, еліміздегі ұлтаралық татулық мәселесіне нұқсан келтіріп жүрген бірқатар өзге ұлт өкілдері арасындағы қақтығыстарды халық әзірге ұмыта қойған жоқ», - деген Н.Ерманов, күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығына тоқталды. Осы орайда аудан ардагері А.Жолмағамбетов сөз алып, аудандағы өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынастың тұрақты екендігін баяндап, қашанда бірлік пен келісім ел дамуының негізі екендігін атап өтті. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов аудандағы өзге ұлттар арасындағы саяси ахуалдың бірқалыпты екендігін, мәселе туындаған жағдайда тиісті алгоритмге сәйкес жұмыстар жүргізу басты назарда екендігін жеткізді.
Одан әрі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аудан аумағында жүзеге асырылуы талқыланды. Соның ішінде бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылыстардың заңдылыққа сәйкес атқарылуы мен жергілікті халықтың жұмысқа тартылуы кеңінен сөз болды.
Жиын соңында облыс прокурорының орынбасары аудан тұрғындарымен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.