Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов Арал ауданында жұмыс сапармен болды.
Сапарын әуелі ауданға қарасты Жақсықылыш кентінен бастаған облыс әкімінің орынбасары кенттегі газ құбырын тарту жұмыстарының тоқсан ішінде атқарылу барысымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын кеңінен баяндап өткен аудан әкімі М.Оразбаев бүгінде кентке газ тарту бойынша құрылыс жұмыстарының толықтай аяқталып тұрғанын, ендігі аталған жұмыстарды тапсыру, газды қосу бағытындағы мәселелер қарастырылып жатқандығын жеткізді.
Мұнан соң Жіңішкеқұм ауылдық округіне қарасты Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектебінде болып, апатты жағдайдағы спорт залының жай-күйіне куә болды.
Жұмыс сапары одан әрі Арал қаласында жалғасты. Қалаға табан тіреген облыс әкімінің орынбасары апатты деп танылған «Толқын» балабақшасына барып, стенд арқылы аудан орталығындағы үш бірдей апатты жағдайдағы балабақшалармен танысты.
Одан әрі аудан әкімдігінің мәжіліс залында сала басшыларының қатысуымен қорытынды жиын өткізілді.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен басқосуда жол жөндеу, ауыз су, электр энергиясымен қамтамасыз ету, газдандыру және құрылыс саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Жиын барысында облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Тлеуімбетов, энергетика басқармасы басшысының орынбасары Е.Жоламанов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары А.Нұрмағанбетов және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы М.Молдабаевтар өз салалары бойынша аудан көлеміндегі өзекті деген тақырыптарда сөз қозғап, жүзеге асыруды қажет ететін түйіткілді мәселелерді саралап өтті. Жиын соңында қозғалған мәселелер қорытындыланып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Мұнан соң, аудандағы өзекті мәселелердің бірі Арал қаласындағы апатты жағдайдағы №71 орта мектебінің және ауданға қарасты Аманөткел ауылдық округі, Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірдің жағдайымен танысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
08 маусым 2020 ж. 551 0