Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен кей адамдар арықтай алмайды?

Неліктен кей адамдар арықтай алмайды?

Фитнес-клубта жаттығып, қатаң диета сақтап жүрсіз, бірақ сонда да бір апта, бір ай, екі айдан кейін де нәтиже жоқ. Оның себебі неде болуы мүмкін?

Плато эффекті

Ол диета дұрыс таңдалмаған кездегі зат алмасудың баяулауынан туындайды. Сымбатты дене пішінін армандайтын адамдардың көбі алдымен тұтынатын тағам мөлшерін азайтудан бастайды. Күндізгі калория нормасын бірден қысқартып тастау ағзаңызда «аман қалу» режимін қосады. Бұл кезде тамақпен бірге келген энергия жұмсалмайды да, қорға жиналады. Зат алмасу жылдамдығы баяулайды, жүйке жүйесі белсенділігін азайтады, сіз әлсіз бола түсесіз және аз қозғалатын болып кетесіз. Арықтауға және спортпен айналысуға мотивация болмайды. Ал бұл уақытта майлы қор көбейе береді. Осылайша, арықтаймын деп, керісінше, артық салмақ қосып аласыз.

Шешімі: Диетаны калория азайтудан бастаңыз. Калорияның дұрыс және дұрыс емес түрлері бар: мысалы, ағзаға бутерброд арқылы келген 200 ккал балықтан немесе көкөністен алған осыншама калориямен бірдей емес. Қазір көпшілік диетологтар калория санауды доғаруды ұсынады. Себебі ол көп ұзамай, шыдамай, диетаны қойып, зиянды өнімдерді жеп кетуге әкеледі деп саналады. Сондықтан, бірінші кезекте, зиянды тамақтардан бас тартып, аш жүруге емес, толыққанды және дұрыс тамақтануға мән беріңіз.

Өзіңіз ойлағаннан да көп жейсіз

Пайдалы таңғы ас пен түскі ас, диеталық кешкі ас — бір қарағанда бәрін дұрыс істеп жатсыз, бірақ жақсылап ойлансаңыз, негізгі тамақтанулар арасында желінген бірнеше кәмпит, шұжықпен жасалған бутерброд және газдалған тәтті сусын шығады. Кейде арықтауға психологиялық дайын болмаған кезде зиянды тіскебасарлар жейсіз. Дұрыс емес тіскебасарлар — сымбаттылық пен денсаулықтың басты жауы.

Шешімі: Зиянды тіскебасарлардан бас тартыңыз. Бірақ ол сіздің қалауыңызды қайтарып жібермес үшін аптасына бір күнді сүйікті тағамыңызды жеуге арнаңыз. Әрине, оны мөлшерден тыс көп жемеуге тырысыңыз.

Бұлшықеттер

Бұл проблемаға жиі ерлер жолығады, бірақ кейде ол әйелдерге де тән. Арықтауға бел будыңыз: тамақтану режимін ойластырдыңыз және спортпен айналысып бастадыңыз. Жаттығу залына үзбей уақытында барасыз, тамақтануды да сақтайсыз, бірақ салмақ сонда да бір орында тұр. Денеңізге мән беріңіз. Өскен бұлшықет көлемін байқауыңыз мүмкін. Әдетте, бұлшықеттердің көбеюімен май қабаты азаяды, бірақ кейде ол азаймауы да мүмкін. Сондықтан жаттығу мен тамақтану режимін дене құрылысына қарай дұрыс таңдау маңызды.

Шешімі:
Біріншіден, сіз үшін не маңызды екенін шешіп алыңыз: бұлшықет массасын жинау немесе арықтау. Мақсатыңызға қарай соған сәйкес тамақтану мен жаттығулар жүйесін таңдау қажет. Сондай-ақ жаттығулар кезінде дененің реакциясын бақылап, оны түзеп отыру маңызды. 

Диеталар

Диета ұстап, жаттығу жасап жүрсіз. Бастапқыда салмақ жақсы азайып келе жатады да, бір уақытта арықтау процесі тоқтап қалды. Кейде, тіпті, қайтадан бұрынғы салмақ оралады. Бұл проблемаға диетаға отыратын көпшілік адам жолығады. Себебі диета — нақты уақыт аралығына арналған және нақты нәтижеге есептелген шара.  Ол ұзақ уақыт бойы ұстап жүруге арналмаған. Сондықтан да қазір көпшілік дұрыс тамақтануға көшіп, өмір салтын жақсы жағына өзгертуді, пайдалы әдеттерге көшуді қолдарына алуда. Бұл салмағыңызды үнемі бақылауға және өзіңізді тамаққа қатысты қатты шектемеуге көмектеседі.

Шешімі: Ұзақ уақыт бойы сақтау керек  қатаң диеталарды ұстамаңыз. Оның орнына өмір салтыңыз бен тамақтану режиміңізді өзгертіңіз.

massaget.kz​​​

07 тамыз 2022 ж. 461 0