Әскерге тіркеу тәртібі өзгереді

Оның айтуынша Әскерге тіркеу билетіне жазылып келген мәліметтерді енді әр болашақ сарбаз өзінің «жеке кабинетінен» көре алады.
«Әскерге шақырылушының жеке кабинетіне қандай комиссариатқа тіркелгені туралы қысқаша SMS келеді. 18-ге толғаннан кейін университетке барсаңыз, «Сіз жоғары білім алып жатқан мерзімде әскери міндеттен босатылдыңыз» деген қысқаша хабарлама келеді. Ал егер университетке бармасаңыз, қай комиссариатқа тіркелгеніңізді жеке кабинеттен көре аласыз. Келесі жылдан бастап осы өзгерістерді енгіземіз деген үміт бар», деді Дархан Ахмедиев.
– Бүгінде әскери билетті цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік базалармен интеграция жасау арқылы бұл процестер 2-3 есе тез жүргізіледі. Сондықтан әскери билетті (военный билет) цифрлық жүйеге ауыстырылуда. 2023 жылдан бастап әскери билетті 1 күнде алуға болады. Мұны келесі жылы іске қосуға тырысамыз» –деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
"Толқын" ақпарат