Қызылордада 5 мыңнан аса жасөспірім әскери есепке алынды
Биыл Сыр елінде 5000-нан аса жасөспірім әскери есепке алынады. Бұл туралы бүгін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық, әскери патриоттық жұмыстары басқармасының бастығы Алмат Жакипов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Бүгінге дейін облыста 3000-ға жуық жасөспірім әскери есепке тіркеліп үлгерген. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудандардағы жергілікті әскери басқару органдары жасөспірімдердің санын, білім деңгейін, әскери қызметке жарамдылығы мен дене дайындығын анықтап, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Осы орайдағы барлық әскери тіркеу науқаны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.
«Әскерге шақыру учаскілеріне тіркеу кезінде азаматтардың қажетті құжаттары тексерістен өткізіліп, арнайы тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді. Міне, осыдан соң комиссия шешімімен әскери есепке қабылданып, алғашқы әскери құжаттарын алады», – деді Алмат Алмасұлы.
Айта кетейік, 17 жасқа толатын жасөспірімдерді шақыру учаскілеріне тіркеу қаңтар айынан бастап, наурыз айына дейін үш ай бойы жалғасатын болады.
kyzylorda-news.kz