Жалағашта жоғалған ер адамның мәйіті табылды

«Бүгін Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының күшімен 1950 жылы туған азаматты іздеу жұмысы жүргізілді. Сағат 10-нан 5 минут өткенде «Мәдениет» суару каналынан аталмыш азаматтың мәйіті табылып, судан шығарылды», – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
kyzylorda-news.kz