Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел, бұршақ, оңтүстікте дауыл соғады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында – шаңды дауыл.
Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болады, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
12 тамыз 2022 ж. 213 0