1 қыркүйекте локдаун жариялана ма? Министрлік пікір білдірді

Бұл ақпаратты ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
"Бүгінде көріп отырғанымыздай, коронавируспен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Нұр-Сұлтан қаласы "сары", қалған облыстар "жасыл" аймақта орналасқан. Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.