Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды

Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында сексеуілді заңсыз кескен қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс аумағында 8-18 тамыз аралығында «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Іс-шараның мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу.

«Іс-шара аясында облыс орталығында 40 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Volvo жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан заңсыз кесілген сексеуіл анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Онда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
13 тамыз 2022 ж. 556 0