Үсік жүреді: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжамға сәйкес алдағы тәуліктер жауын-шашынсыз өтеді. Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен апта ортасына қарай ауа температурасы төмендейді.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел күтіледі.
Республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде:
батыста түнде + 15+28°С, күндіз +30+40°С,
солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С,
солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°с дейін,
орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін,
шығыста түнде +2+11 °С дейін, күндіз +12+20°С дейін,
елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С, таулы аудандарда + 3+8°С болжанады.