Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақытыңызды үнемдеңіз

Уақытыңызды үнемдеңіз

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жұмыстары жәй тәртіппен 3 жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Ал қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарама төрағасының 2021 жылғы16 қыркүйектегі №451 н/қ бұйрығына сәйкес, төменде көрсетілген негіздер бойынша құжатыңызды Халық банк, Каспий  банктік жеке карточкаларыңызда тиісті алым сомалары  болса болғаны QR код төлем арқылыАрал аудандық Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандарыЫқпалдастырылған ақпараттық жүйесі  арқылы қабылдау жұмыстарын жүргізіп,  1 жұмыс күні ішінде тіркеуге болатындығын білдіреміз.
Жеделдетілген тәртіппен:

Жеке тұрғын үйлер, сарайлар, гараждар, қосымша құрылыстарды тіркеу және т.б- 3607,63 теңге;
Сенімгерлік басқарулар, кепіл шарттарын тіркеу -7215,26 теңге;
Жылжымайтын мүлік обектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркеу-1803,80 теңгені құрайтынын хабарлаймыз.

Ж. АЛЕНОВ,
ХҚО Арал аудандық бөлімінің бас маманы 
18 тамыз 2022 ж. 308 0